«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығы (2026.06.07. берілген өзгерістермен)

«Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 4 желтоқсандағы № 477 бұйрығы

(2026.06.07. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.19.06. № 253 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 6 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес «Ұжымдық шарттардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны бекітілсін.

2. «Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 567 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 3 тамызда № 14063 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 19 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.